7 шілдеде Әйелдер теннисі қауымдастығы әлемнің үздік теннисшілері рейтингін жаңартты. Уимблдон турниріндегі сәтті ойындарынан соң, қазақстандық Ярослава Шведова мен Зарина Диас жоғарыға көтерілді.

Шведова он үш сатыға жоғарылады – 65-тен 52-орынға. Ал Диас он тоғыз позицияны артта қалдырды – 72-ден 53-ке.

Үздік бестікте америкалық Серена Уильямс, қытайлық Ли На және румын Симона Халеп өз орындарында қалды. Уимблдонда топ жарған чехиялық Петра Квитова төртінші орынға көтеріліп, польшалық Агнешка Радваньска мен ресейлік Мария Шарапованы, тиісінше, 5-ші, 6-шы орындарға түсірді.

WTA рейтингі. 7 шілдедегі жағдай

1. Серена Уильямс (АҚШ) (0)

2. Ли На (Қытай) (0)

3. Симона Халеп (Румыния) (0)

4. Петра Квитова (Чехия) (+2)

5. Ангешка Радваньска (Польша) (-1)

52. Ярослава Шведова (Қазақстан) (+13)

53. Зарина Диас (Қазақстан) (+19)

107. Галина Воскобоева (Қазақстан) (-7)

183. Сесиль Каратанчева (Қазақстан) (-12)

214. Юлия Путинцева (Қазақстан) (-2)

303. Кәмила Керімбаева (Қазақстан) (-9)

495. Анна Данилина (Қазақстан) (+7)

630. Александра Гринчишина (Қазақстан) (+13)

682. Әсия Даир (Қазақстан) (-3)

741. Екатерина Клюева (Қазақстан) (+6)