Сербиялық теннисші Новак Джокович Лондонда топ жарып, әлемнің бірінші ракеткасы атағын қайтып алды.

Джокович швейцариялық Роджер Федерерді бес сетте жеңді – 5:7, 6:4, 7:6, 5:7, 6:4. Финалдық матч 4 сағатқа созылды. Өзара кездесулерде Роджер әлі алда келеді – 18:17.

Осы жеңісінің арқасында Джокович испаниялық Рафаэль Надальды АТР рейтингінің бірінші сатысынан ығыстырып тастады.