Қазақстан Чемпионатының соңғы турларында сәтсіз өнер көрсеткені үшін бас бапкер Владимир Никитенко қызметінен кету үшін арыз берді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

«Ақтөбе» футбол клубы соңғы 6 ойында жеңіске жете алмай келеді, ал соңғы алматылық «Қайратқа» қарсы болған кездесу де 7:1 есебімен тас-талқан боп жеңілді. Сол себепті бас бапкер Никитенко орнын босатпақ ниетте.