Ел біріншілігінің 19-шы туры аясында Қостанай қаласында жергілікті «Тобыл» мен керекулік «Ертіс» күш сынасты.

Алғашқы таймның орта тұсында керекулік команда есепті ашты. Нуртас Кургулин оң қапталдан қақпа маңына әуелетіп пас көтерген болатын, допқа бірінші жеткен чехиялық Ондрей Кушнир қарсылас қақпасын дәл көздеді. 

Алайда екінші тайм басталғанда «Тобыл» таразы басын теңестірді. Қостанайлық клуб сапынан  Константин Дудченко көзге түсті. Бұдан кейін қос команда қақпасына гол соғылмады.

 

«Тоыл» (Қостанай) – «Ертіс» (Павлодар) 1:1 (1:0)

Голдар: 1:0 – Кушнир (22), 1:1 – Дудченко (61)