Алматылық «Қайраттың» бұрынғы қақпашысы Давид Лория «PROСПОРТ» тілшісіне ел клубтарының Еурокубоктегі мүмкіндігі турылы ойымен бөлісті.
 
«Қайраттан» не себепті кеттіңіз?
 
- Егерде бұл туралы айтқым келсе, бұрын-ақ жария етер едім. Сондықтан қазіргі таңда бұл туралы ештеңе айта алмаймын. Бірнеше апта өткен соң, барлығын айтып беремін, дәл қазір емес.
 
- Біздің командалардың Еуропа Лигасындағы өнеріне баға берсеңіз?
 
- Тамаша, үш бірдей клубымыз жеңіске жетті. Мен өте қуаныштымын.
 
- Топтық кезеңге шыға алады ма?
 
- Мен бұған сенімдімін әрі үміттенемін. Неге олай болмасқа? Бәріміз командаларымызға үміт артып, сене білуіміз керек.
 
- Жақын арада «Ақтөбе» тбилисилік «Динамо» күш сынасады, ел чемпионының мүмкіндігі қандай?
 
- Қос клуб та бір деңгейдің командалары. Сондықтан ойын өте қызықты болмақ.
 
- Әлем чемпионатын кім жеңеді әрі кімге жанкүйерлік етесіз?
 
- Мен Италия құрамасына жанк.йер болғанмын. Өкінішке қарай, жарыстан шығып қалды. Ал жеңімпазды анықтау қиын, сондықтан нақты айта алмаймын.