«Астана» баскетбол командасы 2014/2015 жылы бірінші рет клубтар арасындағы еуропалық турнирге қатысады. 6 шілдеде Мюнхенде Еурочелленджтің бірінші топтық кезеңінің жеребесі тартылды.

«Астана» ресейлік «Автодор», румыниялық «ЦСМ Орадя» және түркиялық «Тофаш» командаларымен бірге D тобына түсті. 32 команда қатысатын бірінші топтық кезең биыл 4 қараша мен 16 желтоқсан күндері өтеді. Астаналықтар Еурочеллендждегі алғашқы матчын 4 қарашада өз алаңында румыниялық командаға қарсы өткізеді.  

Келесі топтық кезеңге үздік екі команда өтеді.