«Бавария» мен Германия құрамасының бұрынғы қақпашысы Оливер Канның пікірінше, оның ізін басып келе жатқан Мануель Нойер қазіргі кезде әлемнің үздік қақпашысы.

«Ол мұздың бір бөлшегі. Осы әлем чемпионатында Нойер ғаламшарымыздың үздік қақпашысы екенін дәлелдеді. Оның тамаша футболшы екенін бәрі біледі. Бірақ оның шешуші сәтті жеңісті құтқарып қала алатындығы шешуші мәнге ие», - деді Кан.

Естеріңізге сала кетсек, Нойер Бразилиядағы әлем чемпионатында бес матчта үш гол жіберіп, тағы үш ойында өз қақпасын голдан аман сақтаған.