Астана күні қарсаңында «Алау» спорт сарайын дүбірлеткендер үстел теннисінен нағыз шеберді анықтауда. Елорданың 16 жылдығына орайластырған турнир «Астана кап» деген айдар тағынды.

Республикалық деңгейдегі бәсекеге мұрындық болған «Нұр Отан» партиясы мен Спорт және денешынықтыру істері агенттігі. Үстел теннисін жанына серік еткендердің басым бөлігі – қала қонақтары мен тұрғындары. Бүгінгі сайыстың иегерлері де солар. 1000 жуық спортшы қатысқан турнирде 75 арнайы спорттық тақта белгіленіп сайыс одан әрі қыза түсті. Әуесқойлар арасындағы бәсекеде ардагерлер, студенттер ара-тұра спортшыларды да көруге болады. Жарыстың жеңімпазы 1 миллион теңгеге ие болады.    

«Елбасы мына халықтың алдында ең дамыған 30 мемлекеттің  арасына ену мақсатын қойды. Соған жету үшін халқымыз бірге болу керек. «Нұр Отан» партиясы осындай үлкен қалың бұқараға арналған іс-шараларды жасап отыр. Кезінде жастар үшін осындай мүмкіндіктер болмаған. Жастар осы үстел теннисін көшеде темір үстелдерде ойнап осы арқылы спортқа қол жеткізіп дамытқан. Ал енді Елбасының саясатының арқасында тек қана Астананың өзінде 600 ден астам нысандар бар», - деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

khabar.kz