Теміртау қаласының «Арыстан» хоккей клубының қатарын шабуылшы Александр Егоров толықтырды.

Омбы хоккей мектебінің түлегі өткен маусымда «Астана» хоккей клубының сапында 29 ойын өткізіп, 20 (7+13) ұпай жинаған.

Сонымен қатар, теміртаулық клубтың қатарына шабуылшы Владислав Добренький қосылуы мүмкін. 22 жастағы латвиялық хоккейші өткен маусымда Нидерланд чемпионатында «Эйндховен Кемпханен» клубының намысын қорғаған.