Талдықорғандық «Жетісу» қосымша уақытта гол салып, «Таразға» қарсы матчта жеңісті жұлып алды.

Омари Тетрадзе командасына үш ұпайды Мерсудин Ахметович алып келді. Ол сол қанаттан асырылған допты басымен қарсыласының қақпасына дәл көздеді.

Бұған дейін бас төреші Акмалхан Холматов екі қызыл қағаз көрсетті – алдымен екінші рет ескерту алған «Тараздың» ойыншысы Рой Рок алаңнан қуылса, бес минуттан кейін талдықорғандық қорғаушы Арунас Климавичюс тікелей қызыл қағаз алды.

 

«Жетісу» (Талдықорған) – «Тараз» (Тараз) 1:0 (0:0)

Гол: 1:0 – Ахметович (90+2)