Футболдан Колумбия құрамасының шабуылшысы Хамес Родригес «Монако» клубында қалатынын мәлімдеді.

«Мен «Монакода» қалғым келеді және қаламын да. «Монакодан» ешқайда ауыспаймын» - деді Родригес BeIN Sports арнасына.

Естеріңізге сала кетейік, 22-жасар колумбиялық ойыншыға мадридтік «Реал» қызығушылық танытқан болатын.