Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси клубтағы командаласы Неймарға аяныш білдіріп, сауығып кетуіне тілектес екенін білдірді. 

«Алған жарақатыңнан тезірек айығып кет, досым Неймар. Шипасын берсін» - деп жазды Месси өізінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, Неймар әлем чемпионатының ширек финалында Колумбияға қарсы матчта Сунигамен соқтығысып, жарақат алып қалған болатын.