Бокстан Олимпиада мен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне алдағы уақытта өтетеін «ҚР Президенті кубогына» дайындығы жайлы айтып берді.

Дайындық Алматы қаласындағы АИБА бокс академиясында өтіп жатыр, - деп бастады Әділбек. – Кубалық боксшылармен бірге жарысқа дайындалып жатырмыз. Дайындық жақсы, жаман емес.

- Өзім жуырда бұл академияда болғанмын, өте керемет салынған комплекс. Жалпы жаңа академиядан әсеріңіз қандай?

- Бүкіл осы қазақ спортына ағаларымыз үлкен комплекс салып берді. Біз үшін бұл үлкен көмек. Бізге енді тек еңбек етіп, жарыстарда жеңіске жетуіміз керек. 

- Бокс федерациясы алдарыңызға қандай мақсат қойды?

- Бірінші орын алу. Президент кубогына біздің бірінші, екінші, үшінші құрамамыз қатысады. Жеңіске жеткен боксшылар Азия біріншілігіне аттанады.

-  Сіздің үнемі кездесетін қарсыласыңыз Хулио Де Ла Круз жарысқа қатыса ма?

- Жоқ ол келмеді. Оның орнына жас бір боксшы келді.

- Головкин-Гил жекпе-жегі қалай аяқталады деп ойлайсыз?

- Бәрі Алланың қолында. Десек те, Головкиннің тәжірибесі көп. Өзін мықты қырынан танытып, жақсы жекпе-жек көрсетеді деп ойлаймыз.

- Әділбек, Рио-да өтетін Олимпиада ойындарында алтын алып жатсаңыз кейін кәсіпқой боксқа ауысуыңыз мүмкін бе?

- Уақыт көрсетеді, ол жайлы әлі ойланған жоқпын.