«Шахтер» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Вадим Боровский «PROСПОРТ Казахстан» тілшісіне берген сұхбатында алматылық «Достық» сапында жаттығып жүргенін айтты.  

Алматылық «Достық» футбол клубының сапында екінші лигада ойнап жүрмін,  - деп бастады Вадим. – кәзірде командамен бірге аймақтық біріншілікке дайындалудамыз.

- ҚПЛ-ның командаларынан ұсыныстар келген жоқ па?

 - Қазіргі таңда бірнеше командалармен келіссөз жүргізіп жатырмыз.

- Демек, мансабыңызды Қазақстан премьер-лигасындағы командалардың бірінде жалғастырасыз?

- Көрерміз қалай болатынын. Нақты айта алмаймын. Әйтсе де, премьер-лигада ойнағым келеді. Өзімнің соңғы сөзімді әлі айтқан жоқпын.  

- Кешегі Еуропа лигасындағы қазақстандық командалардың көрсеткен нәтижесі сізді таң қалдырды ма?

- Жоқ. Бұндай нәтижеге жеткенімізге қуаныштымын. Бұл қазақстан футболының дұрыс бағытта келе жатқанын анғартады. Барлық үш командамыз жеңіске жетті, бұл бұның алдында болмаған оқиға.

- Сіздің пікіріңізше, үшеуіде топтық кезеңге өте алады ма?

- Әрине. Былтырғы маусымда «Шахтер» мұны дәлелдеді.