Әлем чемпионатында Францияға қарсы ширек финалдық кездесу қарсаңында неміс құрамасының жеті бірдей ойыншысы тұмауратып қалды, деп мәлімдейді Abendzeitung.

«Жұқпалы аурудың жұғуының басты себептері  – салқындатқыштар, алыс жол мен температураның ауысуы»,-  дейді Германия құрамасының бас бапкері Йоахим Лев.

Естеріңізге сала кетсек, Франция – Германия кездесуі 4-ші шілде күні Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында өтеді.