«Қайрат» футбол клубының қорғаушысы Марк Гурман «PROСПОРТ» тілшісімен сұхбатында Еуропа лигасындағы алғашқы матч туралы айтты.

 – Біз допқа иелік етіп, қауіпті шабуылдар жасадық. Өз мүмкіндігімізді пайдалануымыз қажет еді деп ойлаймын. Бірінші таймның аяғында ойынымыздың қарқыны төмендеді, алайда екінші таймда басымдықты қайта алдық. Әрине, «Кукесидің» мында өз қақпасын голдан аман сақтау үшін келгені түсінікті, бірақ біздің гол соққанымыз жақсы болды.

 – Марк, егер «Қайрат» алғашқы жиырма минутта гол соқса, ірі есеппен жеңер ме едіңдер?

 – Иа. Сенімді болар ек, сол кезде ойнау оңайға соғады.

 – Қарсыластың уақыт созғанына қалай қарайсыз?

 – Бұл түсінікті жағдай. Осылай болатынын білгенбіз. «Кукеси» гол жібермеуге тырысты. Бірақ біз салдық, бұл гол Албанияда көмектеседі деп үміттенемін.

 – «Қайрат» бұндай тәсілді Албанияда қолдана ма?

 – Жоқ, біз ондай футбол ойнамаймыз. Біз комбинациялы, яғни, еуропалық ойын көрсетуге тырысамыз.