Еуропа Лигасы аясында Армения астанасы Ереван қаласында елордалық «Астана» жергілікті команданы тас-талқан етіп жеңіп, келесі кезеңге өтуге бір қадам жасады.

Матчтағы алғашқы голды бірінші таймның аяғында «Астана» ойыншысы Таңат Нөсербаев есепті ашты, 40-шы минутта Жолшиевтің пасынан кейін қақпашымен жеке дара шыққан Таңат қақпадан мүлт кетпеді. 67-ші минутта Марат Шахметов қапталдан көтерген добына алғаш болып жеткен Жолшиев есепті еселеді. Алайда көзді ашып жұмғанша армениялықтар есептегі айырманы қысқартты. Бір минут өткенде Агван Паликиян қақпаны дәл көздеп, Эричтің осал тұсын тапты.  Елордалық жанкүйерлердің қуанышына орай 71-ші минутта Фокси Кетевоама қарсылас қақпасын дәл көздеп есеп санын еселеді. Ал 84-ші минутта Курдов матч соңына нүкте қойды. Қақпашы Эричтің алға асырған добынан Фокси соққы жасады, Арутюнян допты қайтарғанымен Атанас Курдов қаңғыған допты қақпаға бағыттап, есепті ірі мәнге дейін жеткізді.

 

«Пюник» (Ереван) – «Астана» (Астана) 1:4 (0:1)

Голдар: 0:1 – Нөсербаев (40), 0:2 – Жолшиев (67), 1:2 – Папикян (68), 1:3 – Фокси Кетевоама (71), Курдов (84).

«Пюник»: Арутюнян, Г. Оганесян, Ароян (Г. Погосян, 74), Восканян, Минасян, Юспашьян, Г. Погосян, К. Оганесян, Папикян (Асканян, 72), Малакян, Акобян (Балоян, 61).

«Астана»: Эрич, Пикалкин, Дмитренко, Аничич, Шомко, Жолшиев (Бейсебеков, 80), Нұрдәулетов (Курдов, 46), Каньяс, Фокси Кетевоама, Жуков, Нөсербаев (Шахметов, 59).