Ақтөбе Орталық стадионының басшылығы көгалды шөпті жаңартпақ, деп хабарлайды aktobetimes.kz

 «Біз алаңның кейбір жеріндегі көгалды шөпті ауыстырмақ ойдамыз. Қазіргі таңда шөп әкелініп, ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Стадионды осы қалпымен де еурокубок ойындарын өткізе беруге болушы еді, алайда біз оны ауыстыруды жөн деп таптық. Демеушілер де көмектесіп жатыр. ҚФФ өкілдері келіп, стадионға оң бағасын берді», - деді Орталық стадионның директоры Қажымұқан Демеуов.