Италия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Алессандро Неста Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың қайсысы үздік екені туралы дискуссия жыл сайын болатынын айтты.    

Нестаның пікірінше, Роналду – ұлы, Месси – ерекше.

«Кімнің үздік екені туралы дискуссия жыл сайын болады: Месси ме, Криштану Роналду ма? Аргентиналық шабуылшы өз құрамасымен бірге әлем чемпионатының ширекфиналына шықты, ал португалиялық болса, өз ұлттық командасымен топтық кезеңнен шыға алмады. Енді Мессидің бірінші нөмір болатын жақсы мүмкіндігі бар.

Леода ерекше бір нәрсе бар. Криштиану – ұлы, Месси – ерекше. Олардың арасындағы айырмашылық – осы», - деді италиялық.