Әлем біріншілігінің ширекфиналдық матчы алдында Бразилия құрамасының бас бапкері Луис Сколари Тезеополис қаласындағы ұлтық команданың базасына психолог шақыртты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Психолог Режина Бранданның міндеті ойыншыларды морольді және психологиялық ауыртпалықтан түсіру.

Брандан бұған дейін Сколари командасымен жұмыс жасаған екен. Психологтың шақырылу себебі – 1/8 финалдағы Чилиге қарсы кездесудегі көп ойыншының жүйкесі сыр бергенінде. Тіпті, команда капитаны Тиаго Силва қатты эмоциядан ойын соңындағы пенальтиді тебе алмайтынын айтқан.

Естеріңізге сала кетсек, турнир қожайындары Бразилия ширек финалда Колумбия құрамасымен кездеседі.