Ресей құрамасының Бразилиядағы әлем чемпионатындағы тоқырауына РФ заң шығару жиынында наразылық білдірді.

«Әділетті Ресей» депутаттары Фабио Капеллоны ұлттық құрамамен жұмыс жасағаны үшін алған гонарардың жартысын қайтаруға шақырды.

«Футболдан әлем біріншілігінде тоқырауға құқымыз жоқ еді... Фабио Капеллоға айтарым: масқара боп жеңілгеніңіз үшін 800 миллион рубль алдыңыз. Ақшаны қайтарыңыз, тым құрымағанда жартысын», - деді депутат Олег Пахолков.

Естеріңізге сала кетсек, Ресей құрамасы топтық кезеңде 4 ұпай жинап, плэй-оффқа шыға алмаған болатын.