Екі дүркін олимпиада чемпионы Евгений Плющенко барлық жарақатынан айыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды eurosport.ru.

«Сынған жерімнің барлығы жазылды, енді сынатын ештеңе жоқ. Бесінші Олимпиадаға қатысып, лайықты өнер көрсетуге тырысамыз», - деді Плющенко.  

Естеріңізге сала кетсек, келесі қысқы Олимпиада 2018 жылы оңтүстік кореялық Пхенчхан қаласында өтеді.