Алжир құрамасының футболшылары Бразилиядағы әлем чемпионатында өнер көрсеткені үшін алған төлемақыларын Палестиндегі Газа қаласының тұрғындарына береді.

«Бізден көрі, бұл ақша соларға керек», - деді Алжирдің шабуылшысы Ислам Слимани.

«Спортинг» ойыншысы өз төлемақысын дәл осылай жұмсауды жөн деп шешкен.

Естеріңізге сала кетсек, Алжир әлемдік доданың 1/8 финалында Германияға овертаймда (1:2) жол берген болатын.