ФИФА әлем чемпионатының матчтарында қосымша төртінші ойыншыны алаңға шығаруға рұқсат беруі мүмкін.

ФИФА әлем чемпионаты кезінде овертаймда алаңға тыңнан төртінші ойыншыны шығару туралы ойлануда. Бұл жаңалық 2018 жылы Ресейде өтетін әлемдік додада қолданылуы мүмкін.

Франция құрамасының бұрынғы бас бапкері, қазір ФИФА-ның техникалық топ мүшесі Жерар Ульенің пікірінше, бұл жақсы идея.

«Жақсы идея. Қосымша ойыншы алмасу тек овертайм кезінде жүзеге асуы мүмкін. Тек қана футболшы жарақат алып қалған кезде.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы Бразилиядағы әлем чемпионатының плэй-офф кезеңінде сегіз матчтың бесеуі овертаймға дейін барған болатын.