Канадалық теннисші Милош Раонич алғаш рет Үлкен Дулығаның жартылай финалына жолдама алды.

Раонич австралиялық Ник Киргиосты төрт сетте қапы қалдырды – 6:7, 6:2, 6:4, 7:6. Милоштың жеңімпаз атануы үшін 2 сағат, 29 минут қажет болды. Осы жеңістің арқасында канадалық өзара кездесулерде де басымдығын нығайтты – 2:0.

Енді Роанич финалға берер жолдаманы швейцариялық Роджер Федерермен сарапқа салады.