Хорватиялық Марин Чилич әлемнің екінші ракеткасының қауқарына төтеп бере алмады.
 
Новак Джокович бес партия қорытындысы бойынша хорватиялық теннисшіні тізе бүктірді. Қорытынды есеп– 6:1, 3:6, 6:7, 6:2, 6:2. Кездесу 3 сағат 24 минутқа созылды.
 
Новак жартылай финалда болгариялық Григор Димитровпен күш сынасады.