Футболдан Бразилия құрамасының бас бапкері Луис Фелипе Сколари команда базасына психолог Режин Бранданды шақыртты, деп мәлімдейді ИТАР-ТАСС.

Осыған дейін Режин Брандан Бразилия құрамасының ойыншыларымен осы жылғы әлем чемпионатына дайындық кезінде жұмыс істеген. Бапкерлер ұжымы әлем біріншілігінің 1/8 финалында ойыншылардың көрсеткен қылықтарына алаңдаушылық білдіруде. Чили құрамасына қарсы ойыннан соң бразилиялық футболшылар алаң ортасында көз жастарына ерік берген. Ойыншылардың жүйке жүйесі сыр бергені анық. Барлығына себеп жарыс иелеріне артылған жүктің ауыр болуы, өйткені олардың жеңімпаз атанудан басқасының бәрі тек жеңіліс деп бағаланады.