Қарағандылық «Шахтер» ертең Еуроп Лигасы  аясында «Ширак» клубына қарсы кездесу өткізу үшін Арменияға келді.

Команда жергідікті қонақ үйге орналасты. Астана уақытымен 8-де ойын алдындағы алғашқы жаттығуын өткізеді.

«Кеншілердің» бас бапкеі Виктор Кумыков команданың алдағы кездесуге нық дайын деп сендірді: «Біз жеңіс үшін бара жатырмыз. Өткен жылға қарағанда осы жылы көпке баруымызға мүмкіндігіміз мол, өйткені біраз тәжірбие жинадық».