Өскемендік хоккейдің түлегі қақпашы Евгений Нобоков «Тампа-Бэй Лайтингтің» сапына ауысты.

Флоридалық клуб пен 38 жастағы қақпашы арасындағы келісім бір жылға жасалған. Естеріңізге сала кетсек, 2013/2014 жылы Набоков «Нью-Йорк Айландерс» сапында 40 матчқа қатысып, орта есеппен әр ойында 2, 74 шайба жіберген. Сонымен қатар, өз қақпасына бағытталған соққының 90,5 %-ын кері қайтарды.