Ник Киргиос Уимблдон додасында әлемнің бірінші ракеткасын жолда қалдырып, жарыстың басты сенсациясын жасады.
 
19-жасар австралиялық Ник Киргиос кезекті кездесуінде әлемнің үздік теннисшісі испаниялық Рафаэль Надальді жеңді. Қорытынды есеп – 7:6, 5:7, 7:6, 6:3.  Кездесу 3 сағат 2 минутқа созылды.
 
Ширек финалда Ник канадалық Милош Раоничпен күш сынасады.