Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының Чемпиондар Лигасында өткізетін кездесулердің уақыты белгілі болды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

УЕФА Чемпиондар Лигасына іріктеу кезеңінің екінші турын аясында өтетін «Динамо» (Тбилиси) — «Ақтөбе» матчы 16-шы шілде күні Тбилиси қаласындағы Бриса Пайчадзе атындағы «Динамо-Арена» болады. Басталуы жергілікті уақытпен 21.00-де. 

Қарымта кездесу 23-шілде күні Ақтөбе қаласында Орталық стадионда  21.00-де өтеді.