Мадридтік «Реалдың» басшылығы команданың қақпашыларын түбегейлі өзгертуді жоспарлап отыр.

Antenna 3 телеарнасының хабарлауынша, Диего Лопес пен Икер Касильяс осы жазда Мадридтен кетеді. Клуб басшылығы бұл қақпашылардың орнына басқа екі голкипер алмақшы.

«Корольдік клубтың» тізіміне «Эспоньольдегі» Кико Касилья мен «Левантенің» намысын қорғайтын Кейлор Навас еніп отыр.