Уругвай құрамасының ойыншысы Луис Суарес  Twitter-дегі  парақшасында Италия қорғаушысы Джорджо Кьеллиниді тістеп алғаны үшін кешірім сұрады.

«Бірнеше күн мен өзімнің отбасыммен болып, 2014 жылдың 24 маусымындағы Италия-Уругвай матчы кезінде  болған жағдайды ой елегінен өткіздім. Мен болған жағдайға байланысты қатты өкінемін. Мен Джорджо Кьеллини мен барша футбол құрамасы мүшелерінен кешірім сұраймын. Жұртшылыққа енді мұндай жағдай қайталанбайды деп уәде беремін», - деп мәлім етті Суарес.

Италия құрамасының қорғаушысы Джорджо Кьеллиниді Бразилиядағы әлем чемпионатының матчы кезінде тістеп алғаны үшін Суарес төрт айға футболдан шеттетілді. Оған футбол  ойнауға, стадиондарға келуге тыйым салынған.