Моңғолияның Өлгий қаласында тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс аяқталды. Аталмыш бәсекеге Қазақстан, Ресейдің Таулы Алтай Республикасы, Қытай, Қырғыз Республикасы және Моңғолия елінен барлығы 70-ке жуық тоғызқұмалақшы қатысты.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан командасы бірінші, Моңғолия командасы екінші орынды, Қырғыз елінен келген тоғызқұмалақшылар тобы командасы үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды Kaznews.mn.

14 жасқа дейінгі ұлдар арасынан бірінші орынды Есенбек Нұрлан (Қазақстан) жеңіп алса, екінші және үшінші орынды Нұралы Бақытқан (Моңғолия) мен Айтмұхаммед Алмабекұлы (Моңғолия) еншіледі.

Ал қыздар бәсекесінде бірінші орынды Есіркеп Құндыз (Қазақстан) жеңіп алды. Екінші және үшінші орындар Армангүл Жәлелқызы (Моңғолия) мен Дана Досымбекқызына (Моңғолия) бұйырды.

19 жасқа дейінгі ерлер арасынан Серікмұрат Тойбазар (Қазақстан) бірінші орынды еншілесе, Қуанышбек Имбаргиов (Қырғыз Республикасы) пен Шалқар Өсерханұлы (Моңғолия) екінші және үшінші орынды бөлісті.

Қыздар бәсекесінде Гүлнара Базарашева (Қазақстан) бірінші орынды иеленсе, екінші орында - Айтұрған Мақсатбекқызы (Қырғыз Республикасы), үшінші орында - Айбота Жәлтайқызы (Моңғолия).

Ересектер арасынан Қазақстан Республикасының тоғызқұмалақ федерациясының вице президенті, халықаралық шебер Мақсат Шотаев бірінші орынды жеңіп алса, Моңғолия елінен қатысқан Жасұлан Рысбекұлы мен Ардабұлан Шындәулетұлы жүлделі орыннан көрінді