Үш күннен кейін елордалық «Астана» еурокубоктегі жорығын бастайды.

Еуропа Лигасына іріктеу кезеңінің алғашқы турында Станимир Стойлов баптайтын команда Ереванда жергілікті «Пюникпен» күш сынасады. Ал қарымта ойын 10 шілде күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл кездесуді тамашалау тегін болады, деп мәлімдеді клбутың ресми сайты.