Футболдан Бразилияда өтіп жатқан әлем біріншілігінің 1/8 финалында Германия мен Алжир құрамалары кездесті.

Порту-Алегри қаласының «Бейра-Рио» стадионындағы кездесу германиялықтардың шабуылдарынан басталды. Әлем мундиалінің басты фавориттері бірден допқа иелік етіп, қарсыластардың қақпасына гол соғуға кірісті. Әйтсе де, африкандықтар қорғаныста сәтті ойнап, қарымта шабуылда есеп ашатын мүмкіндікті жіберіп алды. Алжирдік шабуылшы Фигули Нойерден айласын асырмақ болған, алайда «Баварияның» қақпашысы соңғы сәтте қауіп бетін қайтарды. Матчтың 15-ші минутында Германия құрамасының жетекші ойыншысы Бастиан Швайнштайгер алыстан екпіндеп тепкен, Алжир қақпашысы Роис Мболи соққыны сәтті қайтарды. Үш минуттан кейін Алжирдің қорғаушысы Фаузи Гулям сол қапталдан Нойер қорғаған қақпаның бос бұрышын көздеді, доп қақпадан сәл қиіс кетті. Ойын бірден қыза түсті. Ойынның 32-ші минутында Германия қақпасына айып соққы белгіленді. Допқа жақындаған Фигулидің соққысы қақпа маңдайшасынан биік кеті. Содан соң, Месут Өзіл алыстан жойқын соққы бағыттаған, Роис Мболи өз орнынан табыла білді. Африкандық жігіттердің қарқыны күшті. Десек те, кездесудің айқын фавориттері гол соғатын бірнеше мүмкіндіктерін пайдана алмады. Мболи екі бірдей германиялық ойыншылардың соққысын сәтті қайтарды. Алдымен, Тони Кроос соққы жасаса, артынша Мюллер қақпашыдан айласын асыра алмады. Осылайша, тартысқа толы бірінші тайм голсыз аяқталды.

Іске білек сыбана кіріскен немістер екінші тайм басында-ақ есеп ашатын мүмкіндікті жіберіп алды. Марио Гетцені алмастырған Шюррле баспен қауіпті соққы бағыттады, алайда Роис Мболи допқа иелік етті. Қарымта шабуылда африкандықтар Нойер қақпасына шабуыл жасады. Бірақ, Мануэль тағы да қауіп бетін қайтарды. Кейін, Филип Лам әдемі соққы бағыттаған, доп қақпадан сәл биік кетті. Германиялықтар Алжирді қыспаққа алды. Артынша, Рафик Халиш Шкодран Мустафиге қарсы ереже бұзды, оның орнына алаңға Сами Хедира шықты. Матчтың 73-ші минутында Шюррле жойқын соққы жасаған, Мболи – өз орнында. Қарымта шабуылдардың бірінде Сүлеймани Нойерді тағы бір тексерді, Мануэль соққыны сәтті қайтарды. Араға бес минут салып Мюллер Швайнштайгердің асырылған пасына бірінші жетіп жойқын соққы бағыттаған, доп қақпа бағанасынан қиіс кетті. Бір минуттан кейін, қайта Мюллер баспен соққы жасады! Бұл жолы да Роис Мболи қауіп бетін қайтарды. Мюллер!!! Тағы бір ұтымды мүмкіндігін жіберіп алды, соққысына дәлдік жетіспеді. Содан соң, Швайнштайгер Филип Ламның пасынан баспен соққы бағыттаған,Роис Мболи допты қайтара білді. Ойын соңына дейін гол соғылмады – 0:0.

Овертайм басталасымен Андре Шюррле Мюллердің пасынан гол соқты!!! Алжир құрамасы бірден есепті теңестіруге ұмтылды. Бірақ бұдан нәтиже шықпады. Оңтайлы шабуылда Томас Мюллер құлыштап соққы бағыттаған, доп қақпадан қиіс кетті. Овертаймның аяқталуына екі минут қалғанда Месут Өзіл есепті еселеді - 2:0. Араға бір минут салып, Алжир құрамасы бір гол қайтарды! Абдельмумен Джабу жалпы есепті қорытындылады - 2:1. 

Осылайша, Йоахим Левтің командасы ширек финалда Франция құрамасымен күш сынасады. 

Футболдан әлем біріншілігі. 1/8 финал

Германия-Алжир – 2:1

Гол: Шюррле, 92, Өзіл, 118 - Джабу, 119