Косовоның  «Хайвалия» командасы футболдан төрт айға шеттетілген «Ливерпуль» мен Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суаресті өз командасына шақырды, деп хабарлайды  BBC.Косово футбол федерациясы FIFA-ның мүшесі емес, сондықтан ойыншы бұл мемлекетте доп тебе алады.  Косово чемпионатының көшбасшы командасы «Хайвалия» Суареске аптасына 1200 фунт стерлинг төлеуге дайын.