«Барыс» хоккей клубы Словакия ұлттық құрамасының қақпашысы Ян Лацомен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Елордалық клуб пен Словакиялық хоккейші арасында жасалған келісімшарт мерзімі бір жыл.

2012 жылы өз құрамасымен бірге әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізген ол өткен маусымда тұрақты чемпионатта соққының 94,2%-ын қайтарып, орта есеппен бір ойында  1,49 шайба жіберген. Плей-офф кезеңіндегі қақпашының сенімділік коэффициенті - 1,71.