Сhampionat.com сайтына сенер болсақ, келісілген кездесулерді өткізетін сингапурлық Уилсон Радж Перумал Камерун құрамасы ойынды өздері жығып берді деп санайды.

Перумал ойынға бірер сағат қалғанда Facebook-тегі жеке парақшасында кездесу 4:0 есебімен аяқталады және алғашқы таймда бір ойыншы алаңнан қуылады деп жазған болатын.

Хорватияға қарсы кездесу 4:0 есебімен аяқталып, бірінші таймның 40-шы минутында Марио Манджукичті арқасынан ұрғаны үшін Алекс Сонг алаңнан қуылған болатын.

 «Камерун құрамасында жеті ойыншы келісілген ойынға қатысуңа келісімін берді», - деп жазды Перумал.