2022 жылғы Олимпиада алауын жағатын қаланың анықталуына аз ғанауақыт қалды. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың айтуынша қала төртжылдықтың басты додасын өткізуге сақадай сай.

«Алматыда осындай ауқымды іс-шара өткізу әрине Қазақстан беделінің өсуіне ықпал етеді. Әлем біздің мемлекетімізді тани бастайды, ал қаланың өзі  қай саланы алмасаң да, жан-жақты дами бастайды. Егерде Ақ Олимпиаданы өткізу бақыты бізге бұйырса қала тұрғындары үшін бұдан асқан қуаныш болмайды. Қаламызда екі су жаңа спорт кешенінің құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр. Алатау ауданында жаңа құрылыстар жүргіземіз. Бұның бәрі халық игілігі үшін жасалуда», - деді қала әкімі bnews.kz сайтына.