«Галатасарайдың» бұрынғы бас бапкері Роберто Манчини жақын арада футболдан Италия құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін.

Corriere dello Sport-тың хабарлауынша, ұлттық құрамамен жұмыс жасауы үшін Манчини жалақысының азаюына да келіскен. 

Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылғы әлем чемпионатындағы сәтсіз ойыннан кейін Чезаре Пранделли мен Италия футбол федерациясының президенті Джанкарло Абете жұмысынан босатуға өтініш жазды.