Атақты аргентиналық Диего Марадона Бразилия құрамасы, Пеле және Франц Беккенбауэр туралы қатаң пікірде екенін айтты.

«Чилиліктер әр бөлікте де ұтып тұрды. Бразилияның ойыншылары әлем чемпионатында топ жаруды ойлап жүрген жоқ, олар жәй ғана допты Неймарға беруге тырысады. Олар өті сұрықсыз ойын өткізеді және алаңның ортасында көп ойнайды. Неймарға физика жетіспейді, екінші таймда ол алаңнан жоқ болып кетті. Алайда пенальтиді керемет орындады. Бразилия ойынды тізерлеп тұрып аяқтады, тіпті, шабуылдамады да. Олар пенальти сериясына жетуге де лайық болмады. Менің көңілім толмады», – деді Марадона De Zurda эфирінде.

Сонымен қатар, Марадона футболдың атақты тұлғалары қатты сынға алып жатқан Луис суарес туралы да өз пікір жеткізді.

«Бұл екеуі мұражайдан осындай ақымақтықты айту үшін шықты, себебі бұл екі ақымақ ФИФА-ның бандалары. Пеле, сенің мойныңда бір емес, төрт ойыншының жарақаты жатыр. Ал, сен, Франц, қарсыласыңды шынтағыңмен ұратын әр мүмкіндігіңді жібермедің», – деп есіне алды аргентиналық.