Франциялық «Аяччоның» жанкүйері Мексика құрамасының қақпашысы Гиьермо Очоаны командада қалдыру үшін өз үйін сатылымға қойды.

Ең қызығы, үй барлық жиынтығымен бірге сатылады, оның ішінде, әйелі мен 9 және 14 жастағы екі баласы да бар. Жанкүйер бұдан 10 миллион еуро пайда көруді ойлап отыр, ал бұл ақша мексикалы қақпашымен жаңа-келісім-шарт жасасуға жетеді деп ойлайды. «Аяччо» мен Гиьермо арасындағы келісім бітіп, қақпашы қазір еркін агент ретінде жүр.