Шабуылшы Константин Савенков «Барыс» клубына ауысты. Ол екі жыл бұрын елордалық команданың құрамында ойнаған еді. Мұзайдынға тек үш рет шығып, бір нәтижелі пас берген.

24 жастағы хоккейші өткен маусымда «Қазцинк-Торпедо» клубында 52 матч өткізіп, 29 (11+18) ұпай жинады.

Естеріңізге сала кетейік, Константин Савенков Хельсинким мен Будапештте өткен Әлем чемпионатында, сонымен қатар Ригада өткен олимпиадалық іріктеу турнирінде Ұлттық құраманың намысын қорғады.