1/8 финалда Уругвайға қарсы ойында дубль авторы атанған Колумбия құрамасының шабуылшысы Хамес Родригес бұл жеткен жетістіктерінің тек бастамасы ғана деп сенеді. Алдағы жарыс қожайындары бразилиялықтарға қарсы кездесуде барын салып, жеңіске жетуге тырысатындығын жеткізді.

- Жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымын, - деді «Монако» шабуылшысы. – Біз осылай тарихқа ендік, өйткені бізге дейін құрамамыз ширек финалға өтіп көрмеген. Армандар орындалады, біз бұнымен тоқтап қалғымыз келмейді. Ширек финалда Бразилияға қарсы ойнаймыз. Ешқандай қорқыныш пен қысым сезініп жүрген жоқпыз. Бізге шегінерге жол жоқ, керісінше олар бізден қорықсын!, - деді Хамес Родригес.