Атырау футболының түлегі, қазір талдықорғандық «Жетісудың» намысын қорғап жүрген Бейбіт Тәтішев «PROСПОРТ» тілшісіне «мұнайшыларға» қарсы кездесу туралы өз пікірін айтты.

- Бейбіт, ең алдымен, жеңісіңізбен құттықтаймын. Матч туралы не айта аласыз?

- Құттықтауыңыз үшін рахмет. Біздің ойынға деген дайындығымыз керемет болды. Үш ұпай алу керек деген нұсқау да болды. Басшылық пен бапкерлік штаб бізден жоғары нәтижені күтеді, сондықтан біз бүгін жеңіске жетуге тырыстық. Кездесу өте қиын болды. Бірақ біз қарсыласымыздың қателігін ұтымды пайдалана алдық. 

- Өз командаңа қарсы ойнаған қандай екен?

- Әрине, сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жанкүйерлердің жылы қарсы алғаны қатты ұнады, бұл маған үлкен күш берді.

- Сізді команда қалай қабылдады? Жалпы, Талдықорған қалай?

- Бәрі керемет. Барлығына да көңілім толады. Командамыз ұйымшыл. Басымыз салбырап жүрген кез болмады. Иә, ойымыз іске аспаған кездеріміз болды, бірақ қазір бәрі орнына келіп жатыр.