Еркін күрестен Қазақстан құрамасы 25-27 шілде аралығында өтетін Дінмұхамед Қонаев атындағы халықаралық турнирге дайындықты бастады. 

Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясы хабарлады. Дереккөздің айтқанына сүйенсек, біздің спортшылар Алматыдағы Бәйтерек ауылына жиналған. Сол жақта команда екі апталық жиын өткізеді, кейін оңтүстік астанамызда Руслан Өмірәлиевтің басшылығымен жаттығады.

Айта кетерлігі, Таразда бұл турнир қатарынан үшінші жыл жоғары деңгейде өтіп келеді. Ал былтыр бұл дода ФИЛА-ның күнтізбесіне енді.