Лондон қаласында өтіп жатқан жарыста Хиральдо швейцариялық Федерердің қарқынына төтеп бере алмады.
 
Роджер Федерер колумбиялық теннисші Сантьяго Хиральдоны үш сетте оңай жеңді - 6:3, 6:1, 6:3. Кездесу бір сағат 22 минутқа созылды.
 
Рождердің келесі айналымындағы қарсыласы не испаниялық Томми Робредо, не польшалық Ежи Янович болмақ.