Олимпиада ойындарының бес дүркін жеңімпазы «KAZsport» телеарнасының бір жылдығына орай Елордаға арнайы келіп отыр.

«KAZsport»  телеарнасының ұжымы өзінің көрермендеріне тосынсый дайындауда. 1 шілдеде «Біздің Киманэлли» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтпек.

Режиссер Әсем Нұрланова бастаған топ АҚШ-та, сондай-ақ, Нелли Ким спорттағы алғашқы қадамын жасаған Алматы мен Шымкентте түсірілім жасаған.

Нелли Ким, Олимпиада ойындарының бес дүркін жеңімпазы:

Біз Қазақстанға 24 сағат ұштық. Бірақ менің спорттық ғұмырыма арналған фильмнің тұсаукесеріне қатысатыныма өте қуаныштымын. «KAZsport» телеарнасының бір жылдығында бірге атап өтеміз. Туып өскен атамекенім Қазақстанды сағындым.