Қазақстан чемпионатының 18-ші туры аясында «Атырау» өз алаңында талдықорғандық «Жетісудан» айласын асыра алмады.

Матчтың 10-шы минутында «мұнайшылар» қорғаушыларының өрескел қателігін Боти Демель сәтті пайдаланды, оның жойқын соққысы Шабанов қақпасында тулап жатты.

«Атырау» клубының бұрынғы ойыншысы Родионов 67-ші минутта өз қақпасына гол соғып алды. Оң қапталдан Марко Блажичтің көтерген добына аяғын тосқан Денис допты сәтсіз қайтарды. Осылайша «мұнайшылар»  таразы басын теңестірді - 1:1.

Алайда Родионов қателігін тез арада жуып шайды. 86-ші минутта бос қақпаны тура дәлдеп, командасына жеңіс сыйлады. Есеп - 1:2.

 

Қазақстан Премьер-лигасы. 18-ші тур.

«Атырау» - «Жетісу» - 1:2 (0:1)

Голдар: Демель 10, Родионов 67 (автогол), Родионов 86

«Атырау»: Шабанов, Абдуллин, Одибе, Бутуев, Пласконный, Коструб, Афанасьев (Эссаме 46), Карпович, Блажич, Трифунович, Пархачев (Адийя 56)

«Жетысу»: Плотников, Сариев (Саят Сариев 90+2), Родионов, Кузьмин, Шаихов, Кадио, Данилюк (Тәтішев 64), Климавичус, Демель (Ахметович 74), Путинчанин, Шафф

Төрешілер: Денис Тевяшов (Орал), Дмитрий Филоненко (Тараз), Евгений Бельский (Тараз)

Қосалқы төреші: Анатолий Ходин (Атырау)

Ескертулер: Карпович 36 - Кадио 31, Татишев 90

28 маусым. «Мұнайшы» стадионы. Атырау. 2500 көрермен